Алматының Алатау ауданында кезекті заңсыз дүңгіршектер сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары қарқын алды. Өз бетінше орнатылған СЕСН-дерді жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған.

Бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз СЕСН мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды.

"Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін", – дейді Саялы шағын ауданының тұрғыны.

Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 360 СЕСН мен 274 күш өлшеуіш алынып тасталды

Бұзу жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыру кезінде белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Zeekr жүргізушісі Шығыс айналма автомобиль жолында жарыс ұйымдастырды ма: куәгер жауап берді