Зерттеушілер смартфон экрандарынан төнетін қауіп туралы айтты

Фото: pexels
Бүгінде гаджеттер өміріміздің бір бөлігіне айналды. Оны үнемі жанымызда ұстаймыз, тіпті онсыз көшеге шығу да мүмкін емеске айналып барады. Бұл ретте, зерттеушілер бактериялардың қайда көп екендігін анықтау мақсатында, телефон мен дәретхана жиегін салыстырып көрді. Толығырақ ақпаратта.

Бактериялар қайда көп – телефонда немесе дәретхана жиегінде?

"Осы зерттеулердің нәтижесінде смартфон экранында дәретхана жиегіне қарағанда 10 есе көп бактериялар бар екені анықталды. Телефонды алып, бетімізге қойған сайын, біз былайша айтқанда дәретханаға бетімізді қойғанмен тең",-деді химик, ФМИЕН РУДН факультетінің зерттеушісі Ирина Бородина бесінші арнаның "Страна советов" бағдарламасында.

Үйдегі ең лас нәрсе не?

"Пульттер мен ұялы телефондар – бұл үйлердегі ең ластанған тұрмыстық техника. Олардың бетінде зеңдер, псевдомоналар, ішек таяқшалары бар", – деді К.А. Тимирязева атындағы РГАУ-МСХА Микробиология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы Дмитрий Снегирев.

Өз кезегінде дерматолог, косметолог Кристина Согрина, егер телефондар дезинфекцияланбаса, олардың экрандарында патогендер жиналуы мүмкін екенін атап өтті. Staphylococcus aureus импетиго немесе фолликулит сияқты терінің қабыну ауруларын дәл осы смартфон тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, сарапшылар қауіпті бактериялар "жүретін" қоғамдық орындардағы келесі заттарды тізімдеді:

Зерттеушілер қоғамдық жерде сөмкеңізде бактерияға қарсы құрал алып жүруге кеңес береді.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан жолаушы қайтыс болғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды