Тоқаев: Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір Ақтауға жылуды "МАЭК" компаниясы береді. Бірақ облыс орталығы тез өсіп жатыр. Қаланы жылумен толық қамтамасыз етуге кәсіпорынның қуаты жетпейді. Былтыр Ақтауда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желісі салынып, жаңғыртылды. Нәтижесінде қалаға жылудың дұрыс жетуіне мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Былтыр облыста 846 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – жоспардан 20 пайызға артық. Дегенмен облыстағы тұрғын үй қорының 7 пайызы әбден ескірген".  Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевтың мәліметінше, көп пәтерлі 177 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне айрықша назар аудару керек.

"Маған түскен ақпарат бойынша Ақтауда үлескерлер қаржы салған 6 үйдің құрылысы бітпей тұр. Орынсыз, яғни бей-берекет салынған құрылыс нысандары да бар. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет әкімдікпен бірге нақты шаралар қабылдауы керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент сондай-ақ бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бергенін, бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылғанын сынға алды.

"Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды