Ақмола облысында танысын сан соқтырған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында ірі алаяқтық туралы сотқа дейінгі тергеу басталды. 23 сәуірде қала тұрғыны өзін кәсіпкер ретінде таныстырған бұрын таныс адамнан алданып қалғаны туралы полицияға арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушімен танысқаннан кейін күдікті сенімге кіріп, онымен достық қарым-қатынас орнатқан. Көп ұзамай тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектесу үшін және бірлескен бизнесті бастауға ақша сұрай бастады.

Бірнеше ай бойы жәбірленуші мен оның ұлының сеніміне ие болған ер адам оларды көптеген несиелер, автокредиттер алуға және оған банктік карталарын беруге көндірген. Ол бірнеше миллион теңге көлемінде алынған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған.


"Құрметті азаматтар, алаяқтықтың құрбаны болмас үшін, қаражатыңызды бейтаныс адамдарға ешқашан тапсырмаңыз. Ешқандай сылтаумен банк карталарын, логиндер мен парольдерді үшінші тұлғаларға бермеңіз. Бөгде адамдардың өтініші бойынша, тіпті "бірлескен бизнес" сылтауымен де өз атыңызға немесе туыстарыңыздың атына несие алмаңыз", - деп ескертті полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді