Шерзат Полаттың ісі бойынша келесі сот отырысы жүріп жатыр – трансляция

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 28 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.

Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Ал, басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Енді куәгерлер сот алдында жауап беруде.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел