Петропавлда үйдің іргетасынан қару бөлшектері табылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавлдағы Заречный кентінде бөгеттерді нығайтып жатқан әскерилер 50-ге жуық мылтық ұңғысын тауып алды.

Қарудың бөлшектері цементпен бірге үйдің іргетасына қаланған. Аталған учаскеде кезекшілік атқарып жүрген полицейлер іргетасты бұзып, 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бөлшектерін алып шықты.

Тәртіп сақшылары табылған заттарды қаптарға салып, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі табылған қару бөлшектеріне қатысты тергеу жүргізіліп, оны іргетаспен бірге кім қалағаны анықталатынын жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды