Олар жас жігіттерге қатысты физикалық күш қолданып, олардан ақша қаражатын, тауарлық және ақшалай несие беруді талап еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандар бопсалауға байланысты 10-нан астам құқық бұзушылық жасаған. Бұл олардың жүйелі түрде қылмысқа қатысы бар екенін растайды.
ҰҚКБ қызметкерлері бірқатар іс-шара өткізіп, қаскүнемдердің кінәсін дәлелдеуге және оларды ұстауға мүмкіндік беретін дәлелдер жиналды.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, бопсалау және басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.