Қазақстан мен Вьетнамның ынтымақтастығы: бірлескен мәлімдеменің толық мәтіні

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 6 мамырда Ақорда Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеменің толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың толық мәтіні.

2024 – 2025 жылдары атап өтілетін Вьетнамның көрнекті партия және мемлекет басшысы Хо Ши Миннің Қазақстанға ресми сапарының 65 жылдығына орай, 2027 жылы атап өтілетін Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 35 жылдығы қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам 2025 жылғы 6 – 7 мамырда Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

Сапар барысында Бас хатшы То Лам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғаларымен кездесулер өткізді.

Екі елдің көшбасшылары (тараптар) Қазақстан мен Вьетнам арасындағы соңғы жылдары белсенді түрде кеңейіп, нығайып келе жатқан дәстүрлі достық пен ынтымақтастыққа жоғары баға берді;

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы халықтары арасындағы жылы байланыстардың негізінде екі ел арасында берік, оң және көп қырлы қарым-қатынас қалыптасты.

Тараптар:

I. Саяси ынтымақтастық пен дипломатияны нығайту

Тараптар:

Тараптар:

II. Ұлттық қорғаныс, қауіпсіздік және құқық саласындағы ынтымақтастықты кеңейту

Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік 

Екі елдің басшылары келісті:

Тараптар қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдердің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сот төрелігі

Тараптар сот төрелігі саласындағы үйлестіру мен ынтымақтастықты нығайтуға, қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдерді тиімді орындауға және жаңа құжаттарға қол қою мүмкіндігін зерделеуге келісті;

III. Экономикалық, сауда, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты кеңейту

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты нысаналы, тиімді және жан-жақты дамытуға келісті;

IV. Ауыл шаруашылығы, ғылым, технологиялар, цифрлық трансформация, энергетика, мәдениет, спорт, туризм, білім, еңбек және қоршаған орта салаларындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу

Ауыл шаруашылығы

Тараптар Үкіметаралық комиссия шеңберіндегі қызмет арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын жаңғыртуды ілгерілетуге келісті;

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибемен және практикалық жетістіктермен алмасуды арттыруға;

Ғылым, технология және цифрлық трансформация

Тараптар Үкіметаралық комиссия шеңберінде келісімдер мен міндеттемелерді практикалық тұрғыдан іске асыруға жәрдемдесуге, оның ішінде ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет құру мәселесін қарастыруға;

Көлік

Қазақстан Вьетнам тарапын Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттер қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті және Вьетнам тарапына өзінің экспорттық тауарларын Қазақстан аумағы арқылы әртүрлі бағыттарда жеткізу үшін Орта дәлізді пайдалану мүмкіндігін зерделеуді ұсынды.

Тараптар 2024 жылғы 24 желтоқсанда "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, вьетнамдық "Sovico Group" конгломераты мен оның жергілікті серіктесі арасындағы "Qazaq Air-ді" сатып алу-сату мәмілесі бойынша міндетті құжаттамаға қол қойылуын жоғары бағалайды;

Энергетика – пайдалы қазбаларды өндіру

Тараптар мұнай мен газды барлау және мұнай-газ қызметтерін ұсыну салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға;

Мәдениет және спорт

Тараптар 2015 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ілгерілетуді жалғастыруға;

Туризм

Тараптар қол қойылған құжаттарды одан әрі ілгерілетудің;

Білім

Тараптар 2009 жылы қол қойылған Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және 2011 жылы қол қойылған Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама шеңберінде ынтымақтастықты жандандыруға, оның ішінде Тараптардың әрқайсысының қажеттіліктері мен оқу бағыттарына сәйкес олардың студенттеріне гранттар беру мүмкіндігін қарастыруға;

Еңбек

Тараптар 2010 жылы қол қойылған Қазақстан азаматтарының Вьетнамдағы және Вьетнам азаматтарының Қазақстандағы уақытша еңбек қызметі туралы келісім негізінде екі тараптың еңбек нарығына мұқтаж салалар мен секторларда жұмыс күшімен алмасудың ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қоршаған орта

Екі елдің көшбасшылары шөлейттену мен көгалдандыру шараларын қоса алғанда, климаттың өзгеруіне ден қою жөніндегі бірлескен күш-жігерді арттыруға;

V. Екіжақты өңіраралық ынтымақтастық пен адамдар арасындағы алмасуды нығайту

Тараптар тығыз ынтымақтастық орнатуды жоғары бағалады және екі ел арасындағы ынтымақтастықты жергілікті деңгейде одан әрі дамытуға келісті, атап айтқанда, 2012 жылы Астана мен Ханой қалалары арасында; 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы мен Бак Нинь провинциясы арасында; 2025 жылы Ақтау мен Да Нанг қалалары арасында, сондай-ақ осы мемлекеттік сапар шеңберінде басқа елді мекендер арасында орнаған бауырластық қатынастарды атап өтті.

VI. Өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту

Тараптар елдер арасындағы өңірлік және халықаралық ұйымдардағы тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл мен өзара қолдауды жалғастыруға, өңірлік қауіпсіздік пен саясат мәселелері және өзара мүддені білдіретін халықаралық күн тәртібіндегі жағдайлар бойынша тұрақты пікір алмасуға ниетті;

Вьетнам "Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияны" нығайту жөніндегі, оның ішінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру мүмкіндігі және басқа да институционалдық тетіктер арқылы нығайту жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін қолдайды.

Тараптар қоршаған ортаны қорғау, шөлейттенуге қарсы күрес және климаттың өзгеруіне ден қою жөніндегі жаһандық күш-жігерге өздерінің үлесін қоса отырып, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге келісті;

Бас хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына мемлекеттік сапар барысында жоғары дәрежелі Вьетнам делегациясына көрсеткен жылы қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Бірлескен мәлімдеме 2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Астана қаласында қазақ, вьетнам және ағылшын тілдерінде қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды