Қазақстанда жаңа қаржы пирамидасы: ол туралы не белгілі және оған қанша инвестиция салынды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен "Harmony Rider Technology" (HRT) инвестициялық жоба ретінде жасырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы 2025 жылдың 8 мамырында Zakon.kz сайтына Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлады.

Хабарламада HRT қызметін Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тоқтатқаны айтылған.

"Өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған бұл ұйым азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен.Сондай-ақ, жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылып отырған, бұл қаржы пирамидасының айқын белгілерін көрсетеді." Ақтөбе облысының прокуратурасы

Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.


"Қылмыстық іс аясында 70 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді кәсіпорындарға қаражат салмауға шақырады." Ақтөбе облысының прокуратурасы

Аталған компанияларды ресми "Baiqa, piramida!" Telegram-боты арқылы тексеруге болады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін