Қазақстан шекарасындағы транзиттік жүк ішінен 29 мигрант шықты

Сурет: pxhere
2025 жылдың 12 мамырында Ақтөбе облысының "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейге транзиттік жүріп келе жатқан жүк көлігін қарап-тексеру кезінде тасымалданған жүктің арасында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген 29 шетелдік азамат табылды.

Осы факті бойынша ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметінің Департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҰҚК шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы