Қазақстандық 60 мың теңгелік массаж құрылғысын миллион теңгеге несиеге сатып алып, сан соғып қалды

Фото: pexels
Елімізде алаяқтық жолмен тауар сатып, тұтынушыларды алдап кету жағдайлары жиілеп барады. Әсіресе, сапасы күмән тудыратын немесе нарықтағы бағасынан бірнеше есе қымбат өнімдерді несиеге рәсімдетіп сату әрекеттері жиі тіркелуде. Бұл жайлы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, тұтынушы ұйымдастырушылардың шақыруымен массаж жапқышының таныстырылымына куә болады.

Сатушылар бұл құрылғыны соңғы үлгідегі жоғары технологиямен жабдықталған, денсаулыққа аса пайдалы өнім ретінде сипаттап, тұтынушыны сендіреді. Алайда өнімнің бағасы — 1 000 000 теңге. Қаражат тапшылығы болғандықтан, сатушылар азаматқа банктік несие рәсімдеп береді.

Алайда үйіне оралған соң, тұтынушы интернет арқылы құрылғының нарықтағы бағасын тексеріп көргенде, нақты құны 60 000 теңгеден басталатынын анықтайды.

Яғни оған өнімді 17 есе қымбат бағамен ұсынған.

Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген азамат бірден Батыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген болатын.

"Мамандардың көмегімен ресми наразылық жазылып, сатушы мекен-жайына жолданады. Департаменттің араласуымен сатушы тұтынушымен байланысқа шығып, төленген 1 000 000 теңгені толық қайтарып берді",- делінген ақпаратта.

Дәл осындай жағдайды тағы бір азамат та бастан кешіреді. Ол да массаж құрылғысын 1 000 000 теңгеге несиеге рәсімдеп, кейін оның нақты бағасын білген соң Департаментке жүгінеді. Уақтылы жазылған шағым нәтижесінде ол да ақшасын толық қайтарып алды.

Батыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарды мұндай алаяқтықтан сақтану үшін төмендегі кеңестерге назар аударуға шақырады:

"Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, уақыт оздырмай Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе тиісті органдарға шағымдануды ұмытпаңыз. Заңды құқығыңызды қорғау – өз қолыңызда",- деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Алматының екі ауданында суық су өшірілетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды