Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей, прокладка тепловых сетей, прокладка труб, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 12:46 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында су құбыры жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында, BRT жоғары жылдамдықтағы көлік желісінің құрылысы жүріп жатқан аймақтардағы су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 2025 жылғы 20 мамырда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы және Бостандық аудандарындағы келесі аумақтарда суық су беру уақытша шектеледі:

  • Назарбаев даңғылы – Мақатаев көшесі – Райымбек даңғылы – Чайковский көшесі;
  • Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы – Қабанбай батыр көшесі – Сейфуллин көшесі;
  • Абай даңғылы – Сейфуллин көшесі – Құрманғазы көшесі – Байтұрсынов көшесі.

Сондай-ақ, уақытша суық су беруді шектеу келесі әлеуметтік және әкімшілік нысандарға және аталған аймақтарда орналасқан басқа да мекемелерге әсерін тигізеді: "Овация" тұрғын үй кешені, №90 мектеп-лицейі, №147 гимназиясы, №120 мектеп-гимназиясы, №30 және №139 балабақшалар, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Лермонтов атындағы театр, Спорт және туризм академиясы, А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы, қалалық ревматология орталығы.

"Аталған жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарының бір бөлігі болып табылады және су құбыры жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған. Уақытша қолайсыздықтар техникалық сипатқа ие және жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет",- делінген ақпаратта.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін суды беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Бұл процесс жабдықтарды міндетті түрде сынау және іске қосу жұмыстарымен байланысты сәл кідіріп өтуі мүмкін.

Ведомство жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Анықтама телефоны: 274-66-66

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: