Алматы тұрғыны әкімдікпен "мәселені шешпек" болған, бірақ 11 жыл арқалады

Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғыны 11 жылға сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгін, 2025 жылғы 20 мамырда өткен сот отырысының егжей-тегжейлерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Антикор" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алматылық Байқожа Е.-ге қатысты үкім шығарды.

"Ол "Чапаев – Жаңақала – Сайхин" автожолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасағаны үшін облыс әкімдігінің лауазымды адамдарына 50 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді