Алматы метросында бақылау шаралары неге күшейтілгені белгілі болды

Сурет: YouTube/AlmatyPolisiasy
Алматы полициясы метрополитен аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда.

Жолаушылардың өмірі мен денсаулығын, "Заң және Тәртіп" қағидатын сақтау және кез келген ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау басымдық болып саналады. Заңсыз әрекеттердің, оның ішінде есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымымен байланысты әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударылады.

Бұл бағытта заманауи басқару құралдарымен жабдықталған мамандандырылған технологиялық қондырғылар белсенді жұмыс істеуде. Кинологиялық бригадалар да маңызды рөл атқарады – тәжірибелі мамандар мен олардың төрт аяқты көмекшілері күн сайын метро бекеттері мен пойыздарды күзетеді.

"Метрополитен – күн сайын ондаған мың жолаушы жүретін стратегиялық маңызды нысан. Сондықтан біздің міндетіміз – барынша қауіпсіз ортаны құру. Біз қауіпсіздік шараларын күшейттік, техникалық құралдар мен қызметтік иттерді пайдалана отырып нысандарды үнемі тексеріп отырамыз. Әр алматылық өзін қорғалған сезінуі үшін біз басқа құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасаймыз", — деді, Метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Батуржан Абдумасаров.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға және қажет болған жағдайда күдікті заттар немесе адамдар туралы полиция немесе метро қызметкерлеріне хабарлауға шақырады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды