Прокаттан түскен табыс “Қазақфильмнің” күрделі жөндеуіне жұмсалады

Сурет: Қазақфильм
2025 жылғы 23 мамырда “Қазақфильм” киностудиясының президенті Айдар Омаров брифинг барысында киностудияны күрделі жөндеуден өткізу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қаржы есебінен төрт фильм аяқталған: "Шырмауық", "Капитан Байтасов", "Сәлем, қайырымды адам!" және "Соңғы парыз".

"Мемлекеттік қаржыландырудан бөлек, біз қазір "Қазақфильм" киностудиясының жұмыс моделін заманауи трендтерге сай етіп қайта қарап жатырмыз. "Қазақфильмнің" бар активтерін ескере отырып, дұрыс басқару арқылы киностудияны айтарлықтай бюджет шығындарынсыз дамытуға болады. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз: алғашқы үш коммерциялық фильм толықтай жеке қаржы есебінен, мемлекеттік бюджетке сүйенбей түсірілді", - деді Айдар Омаров.

Ол алдағы уақытта коммерциялық тұрғыдан табысты жобаларға басымдық берілетінін атап өтті.

"Қазір біз "Қазақфильм" киностудиясын күрделі жөндеуге арналған арнайы қор құрып жатырмыз. Прокаттан түскен табыстың 5–10%-ын күрделі жөндеуге және ішкі-сыртқы инженерлік желілерді жаңартуға бағыттаймыз. Алдағы уақытта Tiger Films және Kinopark Kinoplexx компанияларымен тығыз жұмыс істемекпіз. Біз Kinopark Kinoplexx компаниясымен келісімге келдік: олар “Қазақфильм” аумағынан 1000 шаршы метр – тұтас екі қабат – жалға алып, электр жүйесін толық ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізеді", - деп толықтырды ол.

Айтуынша, 30 жыл ішінде инфрақұрылым әбден тозған.


"Бұл – бюджетке үлкен салмақ түсіретін шығындар. Бірақ республикалық бюджетте қаржыландыруды қажет ететін басқа да маңызды бағыттар бар екенін ескере отырып, біз Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп инвесторлар тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде біз қарастырып жатқан бірнеше ұсыныс бар", - деді Айдар Омаров.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды