Еңбек демалысы қанша күнге созылады - министрлік мәлімдемесі

Сурет: pixabay
Көптен күткен демалыс уақыты да келді. Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өзекті және құнды ақпарат жарияланды. Мамандар демалыстың ұзақтығы жайлы және кімнің қосымша демалуға құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек инспекцясы комитетінің бас сарапшысы Данияр Балтабай "Білу маңызды" айдарының жаңа шығарылымында жыл сайынғы ақылы демалыс қызметкерлерге демалу, күш-қуатты қалпына келтіру, денсаулықты нығайту және жеке мәселелерді шешу үшін берілетіндігін айтты. 

Оның ең аз дегендегі ұзақтығы 24 күнтізбелік күн.

Маманның айтуынша, демалыстың ұзағырақ уақыты ҚР Еңбек кодексіне басқа да нормативтік құқықтық актілерге, еңбек немесе ұжымдық шартқа, сондай-ақ, жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес көзделуі мүмкін.

Бұл ретте, жұмыскердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Артынша ол жеке санаттарға қатысты мысал да келтіре кетті:

Сондай-ақ, ол қосымша демалыстар ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге, мұнымен қоса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге кемінде  қосымша 6 күнтізбелік күнге дейін беріледі.

"Қызметкерлердің басқа санаттары үшін қосымша демалыс және оның ұзақтығы ҚР жекелеген заңдармен белгіленуі мүмкін". Данияр Балтабай

Бұған дейін Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа әлемдік нарық қалай әсер еткендігін жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Пышақ ала жүгірген сталкер сот залынан босатылды - сот неліктен мұндай шешімге келді