Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5%-ға өсті

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, график роста, графики роста, график, графики, экономическое развитие Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 08:24 Фото: Zakon.kz
10 қарашада ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың алғашқы он айындағы экономикалық өсім туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) нақты мәнде 4,5%-ға өсті. Экономиканың өсу қарқыны алғашқы тоғыз айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеді.

Экономикалық өсуге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.

Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%)байқалады.

Құрылыста өсім 13,1%, көлікте және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды.

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсуі 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,5% болды. Экономикалық өсуге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өскен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артты. Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%)байқалады. Құрылыста өсім 13,1%, көлікте және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыста 4,9% болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 08:24

Сурет: primeminister.kz

2026 жылғы 25 қазанда экономист Андрей Чеботарёв экономикалық өсімнің әсері неліктен бірден сезілмейтінін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: