Қазақстан экономикасы төртінші ай қатарынан қарқынды өсіп келеді

Аудит, расчет, аудитор, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, график роста, графики роста, финансы, финансовый рост, рейтинг, рейтинги, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 09:49 Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылғы 12 мамырда елдің алғашқы төрт айдағы экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.

Ведомство мәліметінше, бірінші тоқсан қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім айтарлықтай жеделдеген. Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 3% болған.

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі де оң көрсеткішке шықты. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Ал бірінші тоқсан соңында бұл көрсеткіш 99,9% деңгейінде болып, төмендеу тіркелген еді.

Өнеркәсіптің қалпына келуіне өңдеу секторы негізгі серпін берді. Бұл саладағы өндіріс көлемі 9,9%-ға артты. Салыстырмалы түрде алғанда, қаңтар-наурыз аралығында өсім 8,5% болған.

Әсіресе машина жасау саласында жоғары өсім сақталды – 23,3%. Бұған көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауарлары мен жабдықтарын өндіру көлемінің артуы әсер еткен.

Сондай-ақ:

  • жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,3 есе;
  • жиһаз өндірісі 41,7%-ға;
  • фармацевтика өнімдері 35,2%-ға;
  • құрылыс материалдары 27,7%-ға;
  • химия өнеркәсібі 18,4%-ға;
  • азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өскен.

Тау-кен өндіру саласында төмендеу сақталғанымен, оның қарқыны бәсеңдеген. Бұл сектордағы көрсеткіш 92,7%-ды құрады. Ал бірінші тоқсанда 88,6% болған. Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келіп жатқанын және мұнай секторының экономикаға теріс әсері азайып келе жатқанын көрсетеді.

Жыл басынан бергі негізгі өсім көрсеткіштері:

  • құрылыс – 114,5%;
  • көлік және қоймалау – 112%;
  • өңдеу өнеркәсібі – 109,9%;
  • сауда – 105,1%;
  • ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Министрлік қорытындысына сәйкес, нақты ЖІӨ құрылымында шикізаттық емес салалардың рөлі артып келеді. Әсіресе құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібі экономикалық өсімнің басты драйверіне айналған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: