Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан экономикасы 9 айда қалай өзгерді

Қазақстан экономикасы 9 айда қалай өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 11:01 Сурет: pexels
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы 9 айдағы жұмыстың қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қантар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,7% болды. Оның ішінде нақты сектор 3,7%, ал қызмет көрсету саласы 5,1% өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1% болды. Инвестициялар ағыны көлік және қоймаларда – 59,4%, саудада – 37,5%, білім беруде – 23,7%, ауыл шаруашылығында – 12,9%, сонымен қатар өнеркәсіпте – 8,2%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 4,3% өсті.

"Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы саудада тауар айналымы 4,2% өсіп, 91,1 млрд доллар болды. Экспорт 51,2 млрд доллар болып, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 39,8 млр долла болды. Жалпы оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең". Ұлттық экономика министрі

Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,2% өсті. Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 27,3%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,8%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 30,6%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар өсу мына салаларда байқалып отыр:

  • азық-түлік өндірісі – 3,3%,
  • химия өнеркәсібі – 1,5%,
  • металл бұйымдары – 4,2%,
  • сусындар өндірісі – 3,2%,
  • пластмасса бұйымдары – 6,8%,
  • жеңіл өнеркәсібі – 14,6%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,4%-ке жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 8,4%-ке, газ өндіру – 6,1%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 13,9%-ке өсті. Металл кендерін өндіру – 1,2%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 1,7%-ке, көмір өндіру – 5,7%-ке төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ке ұлғайды. 19 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Маңғыстау, Жетісу, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.


"Биыл қаңтар-қыркүйекте 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,6% жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, Ұлытау, Қызылорда және Абай облыстарында тіркелді. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 9,9% төмендеді. Көрсеткіштің күрт төмендеуі ауа райының қолайсыздығына байланысты дәнді дақылдарды жинау көлемінің азаюынан орын алды. Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу 5 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сонымен қатар Алматы және Шымкент қалаларында байқалды".Әлібек Қуантыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: