Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ке дейін жеделдеді – Қуантыров

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ұлттық экономика импорт, экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 09:52 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, сауда мен байланыста өсудің а.ж. қаңтардағы төмендеуден кейін қалыпқа келуі, өндіруші емес секторлардағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалуда. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Министрдің айтуынша, қаңтар-ақпан айларында нақты сектордағы өсім 4,7%-ке жетсе, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1%-ке дейін ұлғайған.

Салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Әлібек Қуантыров

Ведомство басшысы мәлімдегендей, инвестициялар құрылыс саласында – 2,2 есеге, білім беруде – 2,2 есеге, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 63%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 34%-ке, саудада – 32%-ке, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 19%-ке, өнер, ойын-сауық және демалыста – 18,7%-ке, көлік және қоймалауда – 17,2%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

Осы жылдың қаңтарында сыртқы сауда тауар айналымы 63%-ке өсіп, 8,8 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 86%-ке өсіп, 6,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 56%-ке артып, 1,7 млрд АҚШ долларына дейін жетті.Әлібек Қуантыров

Оның айтуынша, тауарлар импорты 2,8 млрд. доллар болған.

Министр сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалғанын атап өтті. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында өндіріс көлемі 3,9%-ке өскен.

«15 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Атырау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда» – деді министр.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,2%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 10,2%-ке, вагондар мен локомотивтер өндірісінің – 24%-ке, құрылыс материалдары – 2,1%-ке, дайын металл бұйымдары – 4,4%-ке, пластмасса бұйымдары – 8,7%-ке, фармацевтикалық өнімдері – 17,0%-ке, сусындар – 16,5%-ке, киім өндірісінің – 12,8%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,4%-ке ұлғайды.

Салалар бөлінісінде өсім шикі мұнай өндіруде 9,2%-ті, газ өндіруде – 8,9%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 7,2%-ті, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 6,2%-ті, металл кендерін өндіруде – 1,2%-ті құрады.

Ал, көмір өндіруде теріс серпін байқалуда.

Қаралып отырған кезеңде құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ке өсті.

Көрсеткіштің оң өсімі 14 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Қостанай және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасының қаңтармен салыстырғанда 1,7 пайыздық тармаққа жақсаруы байқалуда, бұл ретте өсім әлі де теріс болып отыр.Әлібек Қуантыров

Жалпы 1,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,3%-ке төмен.

Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалуда.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,6%-ке ұлғайды.

Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда.

Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 3 өңірде – Ақмола және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалаласында белгіленіп отыр.

6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда. Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстары.

5 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде – Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

4 көрсеткіш бойынша оң өсім Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалуда.

Министр рталық және жергілікті атқарушы органдарға мына шараларға назар аударуды ұсынды:

1. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және құрылыста жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету.

2. Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені іс-шараларының тиімді іске асырылуын бақылау.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кешенді қолдау, халықты қайта вакцинациялау.

4. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде құрылатын жұмыс орындары бойынша күшейтілген мониторинг жүргізу және тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту.

5. Экспорттаушылардың сұраныстарына жедел ден қою, шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау.

Жоғарыда аталған шараларды толықтай іске асыру еліміздің экономикасының өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді.Әлібек Қуантыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: