Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға дейін жеделдеді
Биылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға дейін жеделдеді. Есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты секторда өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, көрсетілетін қызметтер секторында тұрақты динамика байқалады. Нақты сектордағы өсім 5,9% болды. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,8%-ға дейін артты.Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров
Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, оң өсім көрсетіп отырған салалардың қатарында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы бар.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 1,5 пайыз болды. Тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталдарға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6% болды. Инвестициялар құрылыс саласында, білім беруде – 2,2 есеге, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыруға 79 пайызға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкентте, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарында байқалады. Әлібек Қуантыров
Осы жылдың қаңтар-ақпанында сыртқы сауда айналымы 52,5%-ға өсіп, 18,2 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 71,4%-ға өсіп, 12,1 млрд доллар болды. Тауар импорты – 6,1 млрд доллар.
Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтауда. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында өнім көлемі 6,5 пайызға өсті. Барлық өңірде оң өсім тіркелді. Ең көп өсім Алматы қаласында (18,0%-ға өсу), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (14,4%-ға) және Атырау облыстарында (14,3%-ға) байқалады.Әлібек Қуантыров
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша: қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда өсу динамикасы 7,7 пайыздық тармаққа жақсарды және жыл басынан бері алғаш рет оң аймаққа шықты.
Барлығы 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 0,4%-ға жоғары. Оң динамика 15 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында.