Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ұлттық экономика министрі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады

ҚР Ұлттық экономика министрі, экономика, Абай облысы, Ұлытау облысы, Жетісу облысы, Қапшағай, Украина, Жолдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 10:55 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шараларға арналған Үкімет отырысында экономика саласында атқарылатын шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство басшысы мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша Ұлттық экономика министрлігі негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін мәлімдеді:

  1. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру;

  2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру;

  3. Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар.

Министрлік басшының айтуынша, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру көзделуде және халықтың пікірін ескере отырып, Қапшағай қаласын қайта атау мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысының Жарлығын дайындау бойынша жол картасы және оны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленетін болады.ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Бұл құжаттарда әкімшілік-аумақтық қайта құруларға байланысты мынадай барлық қажетті іс-шаралар:

  • Мемлекет басшысының облыстар мен елді мекендерді атау (қайта атау) мәселелерін қоса алғанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу (құру) туралы қажетті Жарлықтарын және Үкімет қаулыларын әзірлеу және қабылдау;

  • жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер;

  • коммуналдық меншікті беру және қабылдау; заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;

  • жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдар құру.

    «Бұл облыстардың құрылуы тек осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, бүкіл экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді», – деді министр.

    Министрлік басшысы өткен жылы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң және оған ілеспе заңның жобалары әзірлене басталғанын мәлімдеді.

    Заң жобаларында жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату жөніндегі нормалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату көзделеді.

    Ә. Қуантыров Жолдауға сәйкес «Халық қатысатын бюджеттің» функционалын кеңейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыруды енгізу мәселесі де енгізілетінін айтты.

    Бұл ретте мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында оларға халық қатысатын бюджеттің қаражатын бөлу жөніндегі функциялар бекітілетін болады.

    «Шын мәнінде оны ауылдық округтер арасында нақты жобаларға бөлетін «қор» деуге болады. Бұл жобаларды жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша ауыл әкімдері қалыптастырады», – деді министр.

    Сонымен қатар министр Украинада болып жатқан оқиғалар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың жұмысы жолға қойылғанын атап өтті.

    «Жедел штабтың аясында көлік және логистика, инфрақұрылым, сауда және қаржылық орнықтылық бойынша жұмыс топтары ұйымдастырылды. Жұмыс топтарының өзара іс-қимылының белгілі бір алгоритміне сәйкес Украинадағы оқиғалардың сыртқы экономикалық жағдайға салдарын күнделікті мониторингтеу негізінде еліміздің экономикасына олардың ықпалының сценарийлері әзірленуде. Осы ақпарат негізінде жедел ден қою шаралары әзірленеді», – деді Ә. Қуантыров.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды бастады. Қазіргі уақытта министрлік жауапты мемлекеттік органдармен нақты ұсыныстарды пысықтауда.

    «Ұлттық экономика министрлігі мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген әрбір тапсырмасын толық әрі жедел пысықтайтын болады. Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрліктің жұмысы бюрократияны болдырмау және нәтижеге бағдарлану қағидаттарында жүргізілетін болады», – деді Ә. Қуантыров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: