Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын бекітті
Экономика министрінің айтуынша, олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған.
«Президенттің өкілеттіктері туралы» бірінші бағыт бойынша 3 іс-шараны іске асыру көзделген.
Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға мынадай түзетулер енгізіледі, олар:
Президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтатуын;
Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салуды;
Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастауды, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жоюды көздейтін болады.
Партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол бермеу үшін заңнамаға Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы туралы ережелер енгізілетін болады. Сондай-ақ, әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров
Екінші бағыт – «Өкілді билік тармағын қайта құру» бойынша 4 іс-шара жоспарланды.
Заңнамаға мынандай өзгерістерді енгізу арқылы парламент сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функциялары қайта қаралатын болады, олар:
Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады, оның ішінде 5 депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады;
Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы мәжілістен сенатқа беріледі;
Парламент мәжілісі қабылдаған заңдарды парламент сенатының мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздеу;
Парламент сенатының өкілеттіктерін Конституциялық кеңестің және Жоғары сот кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келісу құқығымен толықтыру.
Сондай-ақ, парламент мәжілісіне заңдар қабылдау құқығы беріледі.
Бұдан басқа, министрдің мәлімдеуінше, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады.
Сонымен қатар, заңнамаға президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері лауазымдарына баламалы негізде кемінде екі кандидатура енгізу құқығын, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді регламенттейтін түзетулер әзірленетін болады.ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров
Үшінші бағыт – «Сайлау жүйесін жетілдіру» бойынша 1 іс-шара іске асырылатын болады.
Елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады, ол 70/30 қатынасында мәжіліс құрудың аралас жүйесін көздейді, яғни депутаттардың 70%-ы партиялық тізімдер бойынша, 30%-ы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады.Әлібек Қуантыров
Сондай-ақ министр облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша 50%, партиялық тізімдер бойынша 50%, аудандар мен қалалардың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша сайланатынын жеткізді.
Төртінші бағыт – «Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту» бойынша 1 іс-шараны іске асыру көзделеді.
Саяси партияларды тіркеу рәсімі оңайлатылады. Оның ішінде:
тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету;
өңірлік өкілдіктердің ең аз санын 600-ден 200 адамға дейін төмендету;
партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз санын 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарту;
филиалдарды құру мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзарту;
құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұзарту көзделеді.
«Сайлау процесін жаңғырту» бесінші бағыты бойынша сайлау алдындағы үгіт кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру, байқаушылардың қызметін реттеу, аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің қағидаттарын қайта қарау, сайлау қорларына қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу, сайлауға шетелдердің араласуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау, сондай-ақ сайлау науқанына барлық қатысушылардың барынша қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету жоспарланады.Әлібек Қуантыров
Алтыншы бағыт – «Құқық қорғау институттарын күшейту бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген.
Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылатын болады.Әлібек Қуантыров
Ведомство басшысының айтуынша, Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.
Сонымен қатар, өлім жазасы Конституциядан алып тасталады.
Прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу көзделеді. Сондай-ақ, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. Жоғары сот кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі.Әлібек Қуантыров
Жетінші бағыт – «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту» бойынша 3 іс-шара іске асырылады.
Мемлекет мүдделерін, қоғам сұраныстарын және медиа саланың даму үрдістерін ескере отырып, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау жоспарлануда.Әлібек Қуантыров
Сондай-ақ министр реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды кеңінен тартуға бағытталған мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер әзірленетінін айтты.
Қазақстан Республикасы презинтінің жағындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалғастыру үшін жалпыұлттық деңгейде жаңа Ұлттық құрылтай институты құрылады.Әлібек Қуантыров
Сегізінші бағыт – «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру» бойынша 5 іс-шара іске асырылады.
Бүгінгі күні министрлік Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмысты бастап кетті. Ағымдағы жылғы 25 наурызда премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру үшін Комиссия құрылды.Әлібек Қуантыров
Комиссияның міндетне жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдадың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету кіреді.
Сондай-ақ, жауапты орындаушыларды және іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» президент жарлығын қабылдау жөніндегі жұмыс алгоритмі әзірленді.Әлібек Қуантыров
Министр баяндағандай, алгоритм ұйымдастырушылық-дайындық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтиды.
Жалпы алғанда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» президент Жарлығының жобасы жақын арада президент әкімшілігіне енгізіледі.Әлібек Қуантыров
Тоғызыншы бағыт – «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру» бойынша 2 іс-шара іске асырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде министрлікте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң және оған ілеспе заң жобалары әзірленіп жатқаны хабарланды.
Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын және мәслихаттар өкілеттіктерін кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді.Әлібек Қуантыров
«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» оныншы бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылатын болады.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Ол:
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге,
инфляцияны бақылау және төмендетуге,
көлік-логистикалық тізбектегі алшақтықты қысқартуға,
сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыруға,
экономика салаларын қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған.
Сондай-ақ, егіс науқанын сапалы жүргізу қамтамасыз етіледі, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінеді, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі.Әлібек Қуантыров
Министр, бұдан басқа, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы құрылымдық реформалардың жаңа топтамасын дайындау жоспарланып жатқанын айтты.
Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сонымен бірге іс- шаралардың іске асырылуына тұрақты мониторингті қамтамасыз ететін болады.Әлібек Қуантыров
Үкімет аталған жобаны мақұлдады.