Биыл кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы жасалады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2021 15:19 видеодан кадр
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі баяндады.

Үкімет елімізде бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту Тұжырымдамасын әзірлейтін болады, деді Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін шұғыл шаралар пакеті шеңберінде Үкімет бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуды көздейтін реттеу саясатын түбегейлі оңайлатуды ұйғарып отыр.

– Салық-бюджет саясатының басты мақсаты Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту, мұнайсыз сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнайсыз тапшылықты азайту сақталатын болады, – деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: