Алматының сот шешімімен тау бөктерінде салынып жатқан ірі нысан сүріліп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайдағы төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылды. Бір күн бұрын нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.

Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Нысан заңсыз салынған. 2022 жылы құрылыстың тиісті құжаты болмағандықтан басқарма өз бетінше салынған ғимаратты бұзуға талап-арыз берген еді. Кейін сот процесі жүрді.

2022 жылы 29 қарашада Алматы қалалық соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды және Алматының Әділет департаменті атқарушылық іс қозғаған болатын.

Қала тұрғындарына ғимараттың заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тізімге енген бірқатар заңсыз салынған ірі нысан толық немесе жартылай бұзылған болатын, олардың арасында "Арман" және "KHAN", "Orda City" тұрғын үй кешендері және т.б. бар.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын оның құжаттарының бар-жоғын білу үшін +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық телефон нөміріне жүгінуге кеңес береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды