Астанада төрт күн ішінде 70-тен астам заңсыз мигрант анықталды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 72 шетелдік шығарылды. Олардың барлығы Астанада төрт күн ішінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 16–20 маусым аралығында елордалық полицейлер "Заңсыз келуші" жедел алдын алу шарасын жүргізді.

"Іс-шара барысында шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу ережесін бұзудың 413 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, шетелдіктерді қабылдау кезінде белгіленген талаптарды сақтамау, заңсыз еңбекке тарту және олардың ел аумағында болу тәртібін бұзу деректері бойынша 46 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 72 адам елден шығарылды, оның ішінде 6 шетелдік сот шешімімен күштеп депортацияланды.

Бұған қоса, тексеру жүргізу үшін 109 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына уақытша жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма