БҰҰ қазақстандық балалардың тамақтануында қандай мәселелер бар екенін айтты

Сурет: pexels
Балалық шақтағы дұрыс тамақтанбау денсаулыққа ұзақ мерзімді әсер етеді. Қазақстандағы жағдай қаншалықты күрделі екені және қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов айтып берді.

Noks.kz дерегінше, ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеу 20 мың отбасыны қамтыған. Оның нәтижесіне сәйкес, елде 5 пен 9 жас аралығындағы балалардың 23%-ы артық салмаққа ие.

Сонымен қатар 6%-ы семіздікке шалдыққан. Бұл, әсіресе, ұл балалар арасында жиі кездеседі. Жағдайды өзгерту мақсатында 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінде жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. ЮНИСЕФ бұл стандартты тиісті министрліктермен бірлесе отырып әзірлеген.

Елімізде шамамен 1,7 миллион бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Енді жаңа стандарттарға сай бұл тағамдар дәрумендер мен микроэлементтерге бай болуы тиіс.

Бұл ереже балалардың толыққанды дамуына қажет тұрақты және салауатты әдеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды