Астанадағы Ramada қонақүйі медуниверситет жатақханасына айналуы мүмкін

Сурет: booking.com
2025 жылғы 24 маусымда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана медициналық университетінің басқарма төрайымы – ректоры Анар Тұрмұхамбетова жатақхана тапшылығын шешу жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анар Тұрмұхамбетова студенттерге жатақханадан орын жетіспегеніне байланысты сын айтылғанын мойындады.

"Астана медициналық университетіндегі жағдай шын мәнінде аса қолайлы емес еді. Университеттің өзіне тиесілі тек бір жатақханасы бар, ал ондағы бөлмелер екі және үш адамдық. Қазір біз бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешіп жатырмыз: Абай көшесі, 47 мекенжайындағы (бұрынғы Ramada қонақүйі) ғимаратты 1 000 орындық жатақханаға айналдыру жоспарланып отыр. Бұл — спорт залы секілді қажетті инфрақұрылымы бар заманауи жатақхана болады", - деді ректор.

Айта кетейік, дәл осы күні, 2025 жылғы 24 маусымда, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы медуниверситеттерде ақылы оқуды қысқарту жоспары барын мәлімдеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі