Ол елімізде санитарлық нормаларға сәйкес ресми жұмыс істейтін полигондармен қатар, рұқсат етілмеген стихиялық қоқыс үйінділері де бар екенін айтты.
"Оларда мезгіл-мезгіл өрттер болып тұрады – бұл шындық, біз мұны жоққа шығармаймыз. Уәкілетті органдармен бірлесіп, мұндай жағдайларды жедел шешуге тырысамыз. Жанудың негізгі екі себебі бар. Біріншісі – полигондардың санитарлық, құрылыс және эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуі. Екіншісі – адами фактор. Жасырын емес, қоқыс үйінділері – металл, макулатура сияқты қайта өңделетін материалдарды жинаумен айналысатын белгілі бір топтағы адамдар үшін табыс көзіне айналған", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, мұндай рұқсат етілмеген "бизнес" түрі мен адами фактордың нәтижесінде жиі өрт оқиғалары орын алады.
"Мәселе бар, және біз оны шешіп жатырмыз. Бірақ ара-тұра өрттер болып тұрады. Қазіргі уақытта нақты қанша полигон жанып жатқанын айту қиын – бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдардан жедел түрде түсіп отырады. Мысалы, 2-3 апта бұрын Астананың шетінде өрт болды. Барлық қызметтер – ТЖД, өрт сөндірушілер және басқалар – жедел әрекет етіп, өртті қысқа мерзімде сөндірді", – деп толықтырды ол.
Бұған дейін Астанада қай жерден және қашан азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуға болатындығын жазғанбыз.