МузАРТ, Ulytau және Рымбаева: Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтеді

Сурет: akorda.kz
Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 шілдеде Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада эстрада жұлдыздары, танымал домбырашылар және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді. Концерт Абай алаңында, Республика сарайының алдында ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарламаға Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Қазақстанның халық артисі Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның халық артисі Айгүл Қосанова, Қазақстанның халық артисі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "МузАРТ" тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы-виртуоз Асылбек Еңсепов, сондай-ақ, танымал әнші Мөлдір Әуелбекова, "Қоңыр" және Ulytau топтары, "Сазген сазы" фольклорлы-этнографиялық ансамблі, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері қатысады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына 17:00 мен 21:00 аралығында ел сүйіп тыңдайтын күйлер мен термелер, халық әндері мен еліміздің бай рухани мұрасын дәріптейтін шығармалар ұсынылады. Бұл концерт ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерге деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналмақ", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кіру тегін.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты