Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты

Сурет: pixabay
Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты. Жазатайым оқиға жолда болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеге қараған түні "Павлодар-Қызылорда" автожолында Береке және Төртқұдық  ауылдарының арасында MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты. 

"Болжам бойынша ер адам бензинді ыдысқа алуға тырысқанда цистернаға құлаған", - деп хабарлады департамент.

Полиция Павлодар тұрғыны қаза тапқан жазатайым оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы