Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби, КазНУ имени Аль-Фараби, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, студенты, студент, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:05 Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі бірінші курс студентінің қазасына байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кешенді тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 17 қарашада мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, университетке арнайы мониторинг тобы жіберіледі. Ол студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты заңнама талаптары мен ішкі құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын тексереді. Сондай-ақ тәрбие жұмысының, әлеуметтік-психологиялық қолдау мен профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайды.

"Жанжалдарды анықтау және олардың алдын алу, студенттердің өтініштеріне дер кезінде ден қою, оларға психологиялық көмек көрсету тетіктеріне ерекше назар аударылады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына прокуратураның, полиция департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, кәсіби психологтар мен қоғам өкілдері кірді.

"Жұмыс тобы Алматыдағы жатақханаларға барып, студенттермен кездесулер өткізіп, профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Негізгі міндет – студенттер арасында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту, қауіп факторларын дер кезінде анықтау, жанжалдардың, қоғамда қабылданған нормалардан ауытқитын мінез-құлық пен суицидтік әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ студенттерге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау. Тексеру қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздігін арттыруға және профилактика жүйесін жетілдіруге бағытталған қосымша шаралар әзірленеді", – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 16 қарашада әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курсында оқыған. Кейін Алматы полициясы күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

17 қарашада бірінші курс студентінің қазасынан кейін ҚазҰУ басшылығының шешімімен басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметтерінен босатылғаны белгілі болды.

Бұған дейін, 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапқан еді. 11 қарашада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: