ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты

Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби, КазНУ имени Аль-Фараби, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, студенты, студент, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2026 15:59 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 6 қараша кешке болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. Қайғылы жағдай туралы Ulysmedia басылымы жазды.

Редакция дереккөзінің мәліметінше, қыз журналист болу және білім алу үшін Шымкенттен Алматыға барған. Оқиғадан кейін студенттік қалашық аумағында полиция қызметкерлері мен университет өкілдері байқалған. Редакцияның сұхбаттасушысы түнде жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен шығуға және балконға баруға тыйым салынғанын айтты.

Алматы қаласының полиция департаменті Zakon.kz редакциясының сауалына жауап берді.

"Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды".

Сонымен қатар студенттер арасында оқиғаның түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Атап айтқанда, қыздың өзіне қол жұмсауы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда әзірше бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: