Алматыда ҚазҰУ-дың студенті биіктен секіріп, мерт болды

Жедел жәрдем, Алматы, ҚазҰУ, ректорат, студент қыз, биіктен секіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 20:45 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 30 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті (бойжеткен) ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz

Zakon.kz редакциясына аталған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайлары алда анықталатын болады", - деді полициядағылар.

Сондай-ақ, ведомство алдын-ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болғанын атап өтті. 

"Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерді басшылыққа алуға шақырамыз", - дейді полициядан.

Айта кетсек, 2025 жылдың 18 маусымында да Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыз өлі табылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: