Қарин Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай өткен салтанатты жиынға қатысты

Ерлан Қарин, Қарин Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  90 жылдық, салтанатты жиын , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 13:47 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға іргелі білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, түлектері және университетпен серіктестік орнатқан шетелдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ерлан Қарин жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Хатта Мемлекет басшысы университеттің мерейлі белесі ұлттық ғылым және тұтас білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екенін атап өткен. ҚазҰУ – еліміздегі алғашқы университеттердің бірі. Қазіргі таңда білім ордасы халықаралық рейтингтерге сәйкес Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, ал оның түлектері еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші университет ұжымын, студенттерін және түлектерін мерейтоймен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің айрықша рөлін атап өтіп, оқу орны Алматының және отандық білім беру саласының белгілі брендтерінің біріне айналғанын жеткізді.

Салтанатты шара, Ерлан Қарин, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  90 жыл , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 13:47

Сурет: akorda.kz

Білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев өз кезегінде оқу орнының ғылыми-зерттеу бағытындағы, инновация саласындағы жетістіктері, студенттер қалашығының дамуы, университеттің алдағы жоспары туралы баяндады.

Салтанатты іс-шарада университет қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ білім ордасының тарихы мен жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді. Жиын шығармашылық ұжымдары, қазақ эстрадасы мен операсының әйгілі орындаушыларының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Айта кетсек, 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті. Оның барысында Үкіметтік комиссия мен Бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізу міндеті жүктелді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: