Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 14:28 Фото: unsplash
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) бірінші курс студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Тергеудің толық, жан-жақты және объективті жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі растады. Марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: