Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
47 жастағы Астана қаласының тұрғыны айырбастау пунктінде кассир болып жұмыс істей жүріп, клиенттердің ақшасын жүйелі түрде иемденіп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол клиенттердің ақшасын қабылдаған соң, оларды кассалық аппарат арқылы санамастан тікелей сейфке салып, ешқандай құжатқа немесе есеп жүйесіне тіркемей, жұмыс күні аяқталған соң ақшаны сырт киімі тұрған бөлмеге алып шығып отырған. Осылайша, бар болғаны бір айдың ішінде ол айырбастау пунктіне 37 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта онымен тәрбиелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сотталған әйел қызметкерлермен әңгіме барысында өзінің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін, олардың қазір күйеуінің қолында тұрып жатқанын айтты.

"Мұндай жерге бір күні тап боламын деп ешқашан ойламаппын. Қазір еркіндіктің ешқандай ақшамен өлшенбейтінін түсініп отырмын. Мен жазамды өтеп жүргенде, кішкентай балаларым есейіп кетеді. Оларымды қатты сағынып жүрмін. Үйге тезірек оралу үшін карантин аяқталған соң тігін цехына жұмысқа орналастым. Айлығымнан сот тағайындаған өтемақыны төлеп, мүмкіндігінше отбасымның қажеттіліктеріне де көмектесіп жатырмын. Барлық ата-аналарға айтарым – қолда барыңызды бағалаңыздар, әрдайым жақындарыңыздың жанында болыңыздар", – деп бөлісті сотталған әйел.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты