Павлодардағы мейрамханада қонақтар жаппай уланды: іске нүкте қойылды

Сурет: pixabay
Павлодарлық мейрамханада қонақтардың жаппай улану ісінің нүктесі қойылды. Жеке кәсіпкер өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен санитарлық талаптарды өрескел бұзу фактісі бойынша Bellagio мейрамханасының иесіне қатысты іс қаралды.

8 маусымда Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жедел жәрдем станциясынан 7 маусымда Bellagio мейрамханасында өткен іс-шараға келген азаматтарда жедел бактериялық ішек инфекциясы жағдайлары туралы хабарлама келіп түсті.

Сол күні эпидемиологиялық тексеру басталып, зертханалық сынамалар алынды. Тексеру барысында мейрамхананың тиісті рұқсаттарсыз жұмыс істегені анықталды.

9 маусымда қызметке тыйым салу туралы қаулы берілгеніне қарамастан, мейрамхана жұмысын жалғастырды. Соның салдарынан тамақтан улану фактілері қайта тіркелді. Тек сол күні жедел бактериялық ішек инфекциясы диагнозымен 18 шұғыл хабарлама тіркелді.

Сот отырысында жеке кәсіпкер өз кінәсін толық мойындап, құқық бұзушылықтың бірінші рет және абайсыздықтан жасалғанын түсіндіріп, соттан жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруді сұрады.

"Сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде  275 240 теңге айыппұл және мейрамхана қызметін бір ай мерзімге тоқтатумен тағайындады", - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды