Қарағандыда синтетикалық есірткі таратпақ болған әйел ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы жүргізілген жедел шаралар барысында 57 жастағы әйел қолға түсті. Оны Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері күдік тудырған дерек негізінде ұстаған.

Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен психотроптық зат – эфедрон салынған орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы 2,4 граммды құрады.

Кейін күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ақ және қоңыр түсті ұнтақ салынған контейнерлер, өсімдік тектес жасыл зат, сатуға дайын 14 орама синтетикалық ұнтақ, зип-пакеттерге салынған тағы үш ұнтақ, есірткі тасымалдаушыларына қатысты жазбалар мен екі телефон, 88 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді.

Барлық затқа сот-химиялық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Полиция азаматтарды есірткіге қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды