Қазақстанда дәрі-дәрмектің 60 пайызы таңбаланды

Фото: pexels
Енді, сапасыз дәрілер сатылмайды. Лицензиясы бар дәріханаларда толық тексерістен өткен, таңбаланған препараттар сатылады.

Әр құтының қашан өндіріліп, қайда жөнелтілгені анық көрінеді. Десе де, бұл – заңсыз жолмен сатылатын дәрілер тиолық жойылды деген сөз емес. Әсіресе онлайн сауда айналымында көп, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол себепті – сұранысты тудыратын яки төмендететін – ең алдымен тұтынушы.

"Біз әрбір клиентке түсіндіруге тырысамыз. Әрбір дәрінің біздің Қазақстанда өткен тіркеу коды болады. Дата матрикс коды болатынын ескертеміз. Соған байланысты сіздер дәрінің сапалы немесе сапасыз екеніне көздеріңізді жеткізсеңіздер болады." Алтынай Жетпісбаева, фармацевт

Таңбалау жүйесі 1 жыл ішінде 107 миллион дәрі-дәрмек сатылғанын көрсетті. Оның 3 миллионы – парацетомол. Бұл халық арасындағы ең көп сұранысқа ие таблетка. Одан соң натрий хлориді мен этил спиртін көп тұтынады. Цитрамон дәрісі де көш басында.

Бүгінде айналымдағы дәрі-дәрмектің 60%-ы таңбаланған. Ал қалған 40%-ы міндетті таңбалауға дейін елге енген. Сондықтан ол дәрілер саудаланып біткен соң, оның орынына толықтай таңбалаудан өткен жаңа тауар әкелінеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді