Қытайда пранк түсірген қызбен Алматы полициясы түсіндіру жұмысын жүргізді

Сурет: Алматы полициясы
Алматы полиция департаменті Қытайдан жуырда оралған қызбен профилактикалық әңгіме өткізді. Оған әлеуметтік желілерде тараған пранк-видеолар себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары Қытай Халық Республикасынан жақында келген азаматпен түсіндіру және алдын алу сипатындағы әңгіме өткізді. Бұл шешім әлеуметтік желілерде оның қатысуымен тараған бейнероликтерге байланысты қабылданған.

Интернет қолданушылары арасында кеңінен тараған бір видеода, қыз серігінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны өтіп бара жатқан Қытай азаматтарының біріне береді. Кейін "ұрлық болды" деп сол адамға нұсқайды. Тағы бір видеода ол метро станциялары мен көшеде бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолынан немесе аяғынан ұстап, айналасындағыларды әбден абдыратқан.

Тәртіп сақшыларымен әңгіме барысында қыз болған оқиғаға өкініш білдіріп, былай деді:

"Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілген жоқ. Бұл ойланбай жарияланған материал болды. Егер видеом біреуге жағымсыз әсер етсе, кешірім сұраймын. Бұдан былай контент жариялауға мұқият қараймын".

Полиция ескерту жасады:

Полиция қоғамда қабылданатын мінез-құлық нормалары мен мәдени айырмашылықтарға бей-жай қарауға болмайтынын еске салады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін