Еуропадағы ірі әуе компанияның ұшақтары Қазақстанға қатынауын уақытша доғарады

Сурет: pixabay
Еуропалық "Lufthansa" әуе компанияның ұшақтары Қазақстанға қатынауын уақытша доғарады. ҚР Көлік министрлігі оның үш себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, "Lufthansa" әуе компаниясы ұшуларды 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында уақытша тоқтата тұрады. Оның себептері келесідей:

  1. Әскери қақтығыстарға байланысты Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді.
  2. Әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниялар тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарауда.
  3. Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушыларына тән.
"Сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз", деп нақтылайды Көлік министрлігі.

Бұған дейін Шанхай – Алматы жаңа тікелей рейсі туризм мен әріптестікті дамытуға жол ашатыны хабарланған.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін