"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көктайғақ, ауа райы болжамы, 16 қазан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 21:28 Сурет: pixabay
2026 жылғы 16 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -4...-6°С.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -1...-6°С. Қонаевта түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Түнгі ауа температурасы: -1...-3°С.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Павлодарда тұман түседі деп болжанады.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын түседі, негізінен, қар жауады, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстансоққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың батысында, орталығында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда да солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 16, 17 және 18 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: