Қостанай облысында бақшасында каннабис өсімдіктерін өсірген күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысы Б.Майлин ауданында каннабис өсімдіктерін өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Береговое ауылында есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктінің үй маңындағы жер учаскесінен өзіне тән иісі бар 13 түп өсімдік табылды. Алдын ала болжам бойынша бұл – каннабис. Полицейлердің айтуынша, ер адам тұқымды интернет арқылы сатып алып, оларды бақшасында еккен.

Үйді тінту кезінде электронды таразылар мен сыртқы белгілері марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат тәркіленді.

Медициналық сараптама күдіктінің ағзасында каннабиноидтардың бар екенін растады. Ер адамның айтуынша, ол есірткі заттарын тек жеке қолдану үшін өсіріп, сақтаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, арнайы сараптама тағайындалды. Ол тәркіленген өсімдіктердің иісі ерекше заттардың есірткі, психотроптық зат немесе олардың аналогы не прекурсор екендігін, сондай-ақ салмағын анықтау үшін қажет.

Мұндай құқық бұзушылық үшін ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция азаматтарға есірткі заттарын өсіру және сақтау, тіпті жеке қолдану мақсатында және аз мөлшерде болса да, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты