Түркістан облысында 414 миллион текше метр су заңсыз пайдаланылған

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында суды заңсыз пайдаланған 20-дан астам құқық бұзушы тіркелді.

Арнайы мобильді топ жүргізген тексеріс кезінде Шардара су қоймасынан ұзындығы 4 шақырымға жуықтайтын қолдан қазылған арық табылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарынан да осындай заңсыздықтар анықталып, 414 миллион текше метрге жуық су рұқсатсыз алынғаны белгілі болды.

Құқық бұзушылар тракторлар мен жүк көліктерінің қозғалтқыштарын қолданып, сағатына 480 текше метрге дейін су тартып отырған.

Аталған деректер "Арал – Сырдария" бассейндік инспекциясына жолданып, құқық бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылды.

Тараз
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі