Алматы облысында полиция бір күнде төрт алаяқтық фактісін әшкереледі

Фото: pexels
Алматы облысы Талғар ауданында полицейлер қысқа уақыт ішінде төрт түрлі алаяқтық қылмысын ашты. Бірінші жағдайда, күдікті қаржыны көбейтіп беремін деген уәдемен 55 жастағы тұрғынның ақшасын иемденген.

Екінші оқиғада несие рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен алаяқ Талғар қаласының 40 жастағы тұрғынынан 4 миллион 293 мың теңге алған.

Үшінші фактіде жер телімін сатып алуға уәде берген 42 жастағы күдіктіге жәбірленуші 3 миллион 800 мың теңге берген. Төртінші деректе тұрмыстық техника үшін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деген желеумен 55 жастағы әйел 860 мың теңге көлемінде шығынға ұшыраған.

"Барлық күдікті жедел анықталып, аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде", – дейді тәртіп сақшылары.

Полиция азаматтарды "жеңіл жолмен табыс табу" сынды күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Ресми келісім-шартсыз ақша бермеңіз, ақпараттың анықтығын мұқият тексеріп, заңгерлерден кеңес алыңыз.

"Тәжірибе көрсеткендей, жүргізіліп жатқан ескерту және алдын алу шараларына қарамастан, азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Сондықтан сақ болыңыздар, өздеріңізді алдатпаңыздар", – деп толықтырды ведомство өкілдері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді