Заңсыз онлайн-бизнес: ШҚО-да полицейлер вебкам-студиялар желісін әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп, интернет арқылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған бейнематериалдарды дайындап, таратқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Бұл топ "модельдік агенттік" деген атаумен еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде берген.

Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұйымдастырушылар 1 миллиард теңгеден астам кіріс тапқаны анықталды.

Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарықтандыру құрылғылары және басқа да техникалар тәркіленді.

Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың арасында осы бизнесті ұйымдастырған негізгі тұлғалар да бар.

Тергеу аяқталуға жақын. Полиция интернет арқылы ұсынылатын "жеңіл табысқа" сақтықпен қарауға шақырады. Егер жұмыс ресми тіркелмеген болса немесе заңға қайшы белгілері байқалса, ондай әрекеттерден бас тартуға кеңес береміз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады