"Болашақ" стипендиясын 217 қазақстандық иеленді

Сурет: Zakon.kz
7 тамыз күні Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, бұл жолы "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға үміткерлер саны айтарлықтай артқан. Барлық бағдарлама мен бағыт бойынша жалпы конкурс бір орынға 4 адамнан келген.

"Биыл бұл — жаңа ережелер бойынша өткізілген стипендия беру конкурсының екінші кезеңі. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтті: кешенді тестілеу, әңгімелесу және Республикалық комиссияның жоғары ұпай жинаған үміткерлерді таңдап алуы", - делінген хабарламада.

Стипендия алуға жалпы 981 адам өтініш берген. Оның ішінде 916 адам бірінші кезеңнен, 659 адам екінші кезеңнен өтті, ал үшінші кезеңде 217 үміткер жеңімпаз деп танылды.

Отырыс барысында Республикалық комиссия 217 қазақстандыққа “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады.

Олардың ішінде:

Стипендиаттардың 67,7 пайызы жаратылыстану-техникалық бағыттарда, 32,3 пайызы қоғамдық-гуманитарлық салада білім алады.

Сонымен қатар, комиссия ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған байқау қорытындыларын да қарастырды. Бұл бағыт бойынша 165 өтініш қабылданып, үш деңгейлі іріктеу нәтижесінде 68 қазақстандыққа ғылыми тағылымдама стипендиясы тағайындалды. Олар әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында білім алады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Болашақ" халықаралық стипендиясын әрі қарай жетілдіру және тиімді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, бұған дейін, 7 тамыз 2025 жылы, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды