Қазақстан астық экспортын ұлғайтуға дайын

Зерно, пшеница, посев, сбор зерна, урожай, сельское хозяйство , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 13:42 Фото: akorda.kz
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында жиналған астықты тасымалдау үшін теміржол құрамдарының дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол жаңа өнімді тасымалдауға қажетті вагондар мен локомотивтер дайын екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта 16,9 мың астық таситын вагон, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда жылжымалы құрам паркі ұлғайды", – деді Тайжанов.

Оның айтуынша, қолда бар жылжымалы құрам астықты толық көлемде тасымалдауға жеткілікті.

"Қажет болған жағдайда тасымал көлемін ұлғайтуға қосымша мүмкіндіктер де бар", – деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстаннан Өзбекстанға тәулігіне 60 пойызға дейін қатынайтыны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: