Қазақстанда дәнді дақылдардың егістегі үлесі азайды

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, зерно, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 12:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында егіс алқаптарының құрылымы қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, 2024 жылдан бері майлы дақылдардың егіс көлемі 2,2 млн гектарға ұлғайып, 5,2 млн гектарға жеткен. Қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүгері егістігі соңғы екі жылда 120 мың гектарға көбейген.

"Егісті әртараптандыру нәтижесінде дақылдардың үлесі өзгерді. Дәнді дақылдардың үлесі 72%-дан 66%-ға төмендеді, ал майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға өсті", – деді Сұлтанов.

Биыл жиналатын егіннің жалпы алқабы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектардан астамына дәнді және бұршақты дақылдар егілген.

"Егін жинау жұмыстары уақытылы басталды және былтырғыдан жоғары қарқынмен жүріп жатыр", – деді вице-министр.

Бұған дейін Азат Сұлтанов егіннің өсу кезеңінде диқандар тап болған қиындықтар туралы айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: